Размер Шрифта: Цветовая Схема: Изображения: Дополнительно:
A
A
A
A
A
Вкл.
|
Выкл.
|
ЧБ
Настройки
Кернинг
Стандартный
Средний
Большой
Интервал
Одинарный
Полуторный
Двойной
Обычная версия

МҰТАНОВ Ғалымқайыр

Қазақстан Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының президенті,

техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі

Қазақстан Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясы Президентінің ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі туралы ақпарат

Ғалымқайыр Мұтанов 1957 жылы 27 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Белтерек ауылында дүниеге келген. 1974-1979 жылдары Қазақ политехникалық институтын «Автоматика және телемеханика» мамандығы бойынша оқыды. Еңбек жолын Рудный индустриалды институтында ассистент болып бастады. Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінің аспирантурасын (1983-1987) және докторантурасын (1991-1993) бітірген (бүгінде – ҰҒЗТУ МБжҚИ тау-кен институты). Кандидаттық және докторлық диссертациялары жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару теориясы мен тәжірибесіне арналды. 1996 жылы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды. 2002 жылы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды. 2003-2010 жылдары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры қызметін атқарды. Жоғары оқу орнының «Университет - Технопарк» моделін әзірледі. 2010 жылы Мұтанов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

Профессор Ғ.Мұтановтың басшылығымен жасанды интеллект пен сараптамалық жүйелерді пайдалану негізінде технологиялық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді модельдеу мен басқарудың ғылыми мектебі құрылды. ҚР жоғары оқу орындары пайдаланатын «E-campus» жобасы енгізіліп, Майкрософт компаниясының жоғары бағасына ие болды. Ғарышқа алғашқы қазақстандық «Әл-Фараби-1» және «Әл-Фараби-2» наноспутниктері ұшырылды. Профессор Ғ.Мұтанов теорияны дамытуға және технологиялық процестерді басқаруға, ахуалдық басқаруға, тәуекелдерді басқаруға, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді модельдеу мен басқаруға елеулі үлес қосты.

Ол 500-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 50-ден астам монографияның, оқулықтардың, оқу құралдарының авторы болып табылады. 70-тен астам патент, өнертабыс иесі. ТМД-да алғаш рет ол төрт АҚШ патентін алды. Оның басшылығымен төрт докторлық және 30-ға жуық кандидаттық және үш PhD диссертация қорғалған. Бүкіл әлемге әйгілі «Шпрингер» баспасы «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» («Экономикалық жоспарлау, басқару және қаржыландырудағы математикалық әдістер және үлгілер») кітабын басып шығарды. Кітапты Нобель сыйлығының лауреаты Джон Форбс Нэш жоғары бағалады.

Go To Top