Размер Шрифта: Цветовая Схема: Изображения: Дополнительно:
A
A
A
A
A
Вкл.
|
Выкл.
|
ЧБ
Настройки
Кернинг
Стандартный
Средний
Большой
Интервал
Одинарный
Полуторный
Двойной
Обычная версия

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН, ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫН ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ЕНГІЗУДІ КЕШЕНДІ АВТОМАТТАНДЫРУ


ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

МАҚСАТЫ:

  • • бұлтты цифрлық сервистерді енгізу арқылы білім беру мекемелерін басқару процестерін автоматтандыру
  • • жоғары және орта-арнайы білім берудің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру
  • • білім беру мекемелерінің ақпараттық ресурстарын отандық білім беру кеңістігіне интеграциялау

ТҰТЫНУШЫЛАР:

  • • Жоғары оқу орындары
  • • Колледждер
  • • Ғылыми-зерттеу институттары

МІНДЕТТЕРІ:

Жоғары оқу орындарында оқу процесінің ресми құжаттарының түпнұсқалығын криптографиялық қорғау және верификациялау саласында қолдану үшін блокчейн технологиясын зерттеу: проблемалар, шетелдік тәжірибе, әдістер.

Блокчейн технологиясын қолдана отырып, оқыту процесінің ресми құжаттарын цифрлау, сақтау және бұрмалаудан қорғау бойынша рәсімдерді әзірлеу.

Оқу процесінің ресми құжаттарының цифрлық тізілімінің модульдерімен халықаралық платформаға интеграцияланған ЖОО құжаттарын верификациялаудың ақпараттық жүйесін, орталықсыздандырылған жүйедегі деректерді криптографиялық қорғауды және «UNIVER 2.0» ақпараттық-бағдарламалық кешенінің үлгісінде деректерді синхрондау үшін ЖОО-ның сыртқы платформаларымен және халықаралық платформамен интеграциялау.

Қорғау құжатын алу үшін халықаралық тұғырнамаға интеграцияланған Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқу процесінің ресми құжаттарын верификациялаудың ақпараттық жүйесін әзірлеу нәтижелерін ресімдеу.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында оқу процесінің ресми құжаттарының түпнұсқалығын верификациялаудың бағдарламалық өнімін тәжірибелік тестілеу, «UNIVER 2.0» жүйесі бар ЖОО арасында тәжірибені тарату.

ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ:

  • 1-кезең - Білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын криптографиялық қорғау және верификациялау саласында қолдану үшін блокчейн технологиясын зерттеу: проблемалар, әдістер, модельдер, алгоритмдер. Мерзімі - 3 ай
  • 2-кезең - Халықаралық тұғырнамаға интеграцияланған жоғары оқу орындарында құжаттарды верификациялаудың ақпараттық жүйесін жобалау және әзірлеу. Мерзімі - 12 ай.
  • 3-кезең - блокчейн технологиясын қолдана отырып, ЖОО-да оқу процесінің ресми құжаттарының цифрлық тізілімін қалыптастырудың ғылыми-әдіснамалық негіздемесін әзірлеу. Мерзімі - 12 ай.

ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢІ:

2020 жылғы қазан - 2022 жылғы желтоқсан (27 ай).

Go To Top