| Размер Шрифта: | Цветовая Схема: | Изображения: | Дополнительно: |
|---|---|---|---|
|
A
A
A
A
A
|
Вкл. | Выкл. | ЧБ |
|
«Кітап адамзатқа білім мен ағартушылық алып келеді. Кітап адамзат тектерінің болмысының құпияларын сақтайды. Кітап - ең шыдамды мұғалім. Ойлайтын адам үшін кітаптан қымбат ештеңе жоқ!»
Кітаптар рухани және адамгершілік өмір туралы білім көзі болып табылады. Олардың жастардың білім алуындағы, тәрбиесіндегі, зияткерлік дамуындағы рөлі өте зор. Кітапқа, оқуға жүгіну арқылы адам рухани құндылықтарға араласады, дамиды, өзінің ой-өрісін кеңейтеді. Жоғары көркемдік әдебиетті оқу үйлесімді тұлғаны - рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене кемелдігін ұштастыратын белсенді, шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Өмір адамзатқа жоғары талаптар қояды және әрбір оқу орнының міндеті - болашақта қажет болатын жас мамандарды даярлау, оларға дұрыс бағдарларды көрсету. 2010 жылы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың өмірі мен шығармашылығы туралы «Өнегелі өмір» сериялы кітаптар шығарыла бастады. 2011 жылы осы серияның алғашқы кітабы - заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі Салық Зиманов туралы кітап жарық көрді.
Әрбір шығарылым бойынша материалды жинауды және баспаға дайындауды жүзеге асыратын мамандар тобы жұмыс істейді. Осы серия шеңберінде 222 кітап және 7 Арнайы шығарылым шығарылды.
«Өнегелі өмір» кітаптар сериясының арнайы шығарылымы көрнекті ғалым-геолог және ғылымды ұйымдастырушы, ірі ойшыл және табиғат зерттеуші, қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқа арналған.
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев - геология-минералогия ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950), КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы геология институтының бірінші директоры (1941-1964), осы филиал төрағасының орынбасары (1942-1946), КСРО Ғылым академиясының академигі (1946), ҚазССР ҒА ұйымдастырушысы және бірінші президенті (1946), Мемлекеттік (1942) және Ленин (1958) сыйлықтарының лауреаты.
Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арналады. «Сіз әлі «Абайды» оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, бұл – керемет!» деп неміс жазушысы Альфред Курелла тамсанып таңдай қаққан, әлемнің тоқсан тіліне аударылған туындының авторын білмейтін, сірә, қазақ баласы жоқ болар. Өйткені Әуезов десе, «Абай жолы», «Абай жолы» десе ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақ халқының өмір құбылысы еске түседі. «Өнегелі өмір» сериясының арнаулы шығарылымы осы туындыға тіл бітірген, қазақ халқының ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, ұлағаты мол ұстаз, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
«Ерім ел, қайдан тусын». «Елім» деп өткен осындай ерлердің бірі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, Д. Қонаевпен бірге үкімет басындағы мәртебелі қызметте болып, елдің экономикасын, халықтың әл-ауқатын көтеруге бар қажыр-қайратын жұмсаған Бәйкен Әшімовтің 100 жылдығына орай «Өнегелі өмір» сериясының арнаулы шығарылымы жарық көрді.
Қазақ елінің бірнеше облысына басшылық жасап, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің және Жоғарғы Кеңес Төралқасының төрағасы қызметтерін атқарған Бәйкен Әшімовтің «мектебі – өмір, ұстазы – халық» болды.