Сәбит Байзақов 85 жаста!


2025 жылдың 4 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАУ) белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, орман шаруашылығы саласының көрнекті маманы, профессор Сәбит Байзақовтың 85 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мерей той иесін ғылым мен білімді дамытудағы ерекше еңбегі үшін ҚР Жоғары білім беру Ұлттық ғылым академиясының президентінің атынан «Қазақстан Республикасы жоғары білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталды. Шара аясында «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген Сәбит Байзақовтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы кітаптың тұсауы кесілді. Серияның тұсаукесерін жоба бас редакторының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып жүргізді. ҰҒА ҒСК Сәбит Байзақовты мерейтойымен құттықтап, отандық ғылымға және жоғары білікті кадрларды даярлауға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.





Пікір қалдырыңыз