Размер Шрифта: Цветовая Схема: Изображения: Дополнительно:
A
A
A
A
A
Вкл.
|
Выкл.
|
ЧБ
Настройки
Кернинг
Стандартный
Средний
Большой
Интервал
Одинарный
Полуторный
Двойной
Обычная версия

«AKADEM KITAP» / «ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» СЕРИЯСЫ ТУРАЛЫ

2011 жылы бастау алған «Өнегелі өмір» имидждік жобасы Қазақстан Республикасының көрнекті тұлғаларының, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, ғылым мен білім беруді ұйымдастырушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды.

Осы уақыт аралығында «Өнегелі өмір» сериясының өскелең жастар үшін өнеге мектебі болатын өресі биік тұлғаларға арналған 252-шығарылымы жарық көрді. Бұл драматургияға толы күрделі өмірді басынан өткерген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың және қарапайым дарынды тұлғалардың шығармашылығына қоғам назарын аударған кітаптар болды.

Олардың ішінде өз халқына қалтқысыз қызмет еткен ғалым-педагогтар, жазушылар мен өнер қайраткерлері - Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ахмет Жұбанов, Салық Зиманов, Қайыржан Бекқожин, Өмірбек Жолдасбеков, Олжас Сүлейменов, Әбікен Бектұров, Өмірзақ Сұлтанғазин, Батырбек Бірімжанов, Есмағамбет Ысмайылов, Асабай Мамытов, Тауман Амандосов, Кенжеғали Сағадиев, Матипулла Әженов, Сұлтан Сартаев, Марат Барманқұлов, Зейнолла Қабдолов, Лениншіл Рүстемов, Әзілхан Нұршайықов, Серікбай Бейсембаев, Нағашыбай Шайкенов, Көпжасар Нәрібаев, Тұрсынбек Кәкішев, Камал Смайылов, Темірбай Дарқанбаев, Асанәлі Әшімов және басқалары.

«Өнегелі өмір» шығарылымын Қазақстан жұртшылығы тағатсыздана күтетін және ҚР Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясында жарық көрген ерекше серияға айналды.

Кітаптардағы пікір иелері – әр саланың адамдары, танымал мамандар.

«Өнегелі өмір» - бұл жалпыұлттық деңгейде кең өріске шығаруға лайықты тең өрісті серия. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының өмірі мен тағдырын бейнелейтін «Өнегелі өмір» рухани өрісі танылып, өскелең ұрпаққа адамгершілік бағдар болуы тиіс!

«Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген кітаптарда адамның болмысы, өмір жолы, шығармалары, естеліктері, мұрағаттық құжаттары, эпистолярлық мұрасы жан-жақты ашылады.

Сонымен қатар оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдарын, монография, көркем әдебиеттерді дайындаудан бастап, баспадан басып шығаруға дейінгі жұмыстарын жасауға, кітапты міндеттелген талаптарға сай етіп шығарып беруге және көмектесуге «Akadem kitap» баспасы әрқашан дайын.

Еліміздегі жоғары білім мен ғылымның белді де белгілі ұйымдастырушылары, қабілет пен еңбекті, ыждағат пен ықыласты терең қабыстырған майталман азаматтар еңбегі қашанда жоғары бағалана бермек.

Go To Top